Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Әбішов |
| Түркістан облыстық маслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/278-VIII шешіміне қосымша |
Түркістан облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары
1. Өртті сөндіру барысында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері пайдаланған ауыз су үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарының шығындары Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарының бюджетінен өтеледі.
2. Өтемақы келесі жағдайларда өрт сөндіру мақсатында пайдаланылған ауыз суға байланысты шығындарды қамтиды:
өрт сөндіруге арналған гидранттармен жабдықталған сыртқы су құбыры желілері арқылы;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 52-тармағына сәйкес сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарының балансындағы жасанды су көздері (резервуарлар) арқылы.
3. Шығындар өтемақысы:
пайдаланылған ауыз су көлеміне;
тиісті аумақ бойынша белгіленген сумен жабдықтау тарифіне сәйкес анықталады.
4. Пайдаланылған ауыз су көлемі Түркістан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органынан уәкілетті сумен жабдықтау органына ұсынылатын хабарлама негізінде айқындалады. Хабарламада төмендегі мәліметтер көрсетілуі мүмкін:
бір мезгілде орын алған өрттер саны - Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес;
резервуарлардан сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтауды қолданылғаны туралы ақпарат;
тұрғын және қоғамдық ғимараттар бойынша - Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес (өрт қауіпсіздігі класы, қабат саны, көлем және тағы басқалар);
өндірістік және қоймалық ғимараттар бойынша - Регламенттің 5-қосымшана сәйкес (ғимараттың өртке төзімділік деңгейі, жарылыс-өрт және өрт қауіптілік бойынша құрылыстар санаты, өрт аумағы);
пайдаланылған гидранттар мен (немесе) резервуарлар саны;
есептеулер үшін қажетті өзге де мәліметтер.
5. Топтық су құбыры арқылы өртке қарсы су көлемін қалпына келтіруге жұмсалатын су шығыны Регламентте белгіленген нормаларға сәйкес айқындалады.
6. Уәкілетті сумен жабдықтау органы хабарламалар негізінде өтемақы сомасын есептейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджет өтінімін қалыптастырады.