"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағы 8-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 28 мамырдағы № 231 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмі бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес орналастырылсын.
2. "Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Көшеров |
| Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы "31" желтоқсан № 281 қаулысына қосымша |
2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмі бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырыстары орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі (жергілікті бюджет қаражаты есебінен)
р/с | Жоғары оқу орынның атауы | Білім беру саласының коды және атауы | Білім бағдарламалары топтарының коды және атауы | 2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын саны) |
1 | "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғам | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | R017 Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар | 1 |
2 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | R025 Травматология-ортопедия (ересектер, балалар) | 2 |
R040 Физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар) | 3 | |||
3 | "С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | R003 Аллергология және иммунология (ересектер, балалар) | 1 |
R003 Аллергология және иммунология (балалар) | 1 | |||
R017 Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) | 2 | |||
R036 Жалпы хирургия | 3 | |||
4 | "Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті" мекемесі | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | R017 Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) | 2 |
R042 Клиникалық фармакология | 10 | |||
R036 Жалпы хирургия | 2 | |||
R013 Психиатрия (ересектер, балалар) | 2 | |||
R014 Радиология | 2 | |||
R030 Педиатрия | 4 | |||
5 | "Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі" Қазақстандық медицина университеті | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | R017 Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) | 3 |
R017 Анестезиология және реаниматология (балалар) | 2 | |||
R041 Кезек күттірмейтін медицина (ересектер, балалар) | 2 | |||
R036 Жалпы хирургия | 2 | |||
R013 Психиатрия (ересектер, балалар | 3 | |||
6 | "Қазақстан - Ресей медициналық университеті" мемлекеттік емес білім беру мекемесі | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | R037 Неврология (ересектер, балалар) | 2 |
R014 Радиология | 2 | |||
7 | "Астана медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | R037 Неврология (ересектер, балалар) | 5 |
R042 Клиникалық фармакология | 4 | |||
R041 Кезек күттірмейтін медицина (ересектер, балалар) | 4 | |||
R011 Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар) | 2 | |||
R042 Клиникалық зертханалық диагностика | 3 | |||
R039 Терапия | 3 | |||
8 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | R111 Фтизиатрия (ересектер, балалар) | 3 |
9 | "Woosong University Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 20000 Техникалық ғылымдар | 21102 Жасанды интеллект | 50 |
21105 Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу | 50 | |||
10 | Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті | 0221 Дін және теология | 4S02210105 Исламтанушы | 3 |
4S02210201 Теолог | 2 | |||
Жиыны | 180 |