"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласы халқының пікірін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қаласы көшелеріне келесі атаулар берілсін:
"Шұғыла" шағын ауданы бойынша:
№ 8 көшеге – Әшірбек Сығай көшесі;
№ 9 көшеге – Бекзат Саттарханов көшесі;
"Сарыарқа" шағын ауданы бойынша:
№ 6 көшеге – Байбол Өтепбаев көшесі;
"Тұран" шағын ауданы бойынша:
№ 2 көшеге – Балбырауын көшесі;
атауы жоқ көшелер бойынша:
атауы жоқ көшеге – Ерулік көшесі;
атауы жоқ көшеге – Кемеңгер көшесі;
атауы жоқ көшеге – Көкпар көшесі;
атауы жоқ көшеге – Көрімдік көшесі;
атауы жоқ көшеге – Қобыз көшесі;
атауы жоқ көшеге – Лашын көшесі;
атауы жоқ көшеге – Сәйгүлік көшесі.
2. Кентау қаласының келесі көшелері қайта аталсын:
С.Сейфуллин көшесі – Сақ Мәуленқұлов көшесі;
А.Сүйіндіков көшесі – Ұлытау көшесі.
3. "Түркістан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен қаулы мен шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы бірлескен қаулы мен шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен облыс әкімдігінің қаулысы және облыстық мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Көшеров |
Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Әбішов |