"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Мырзабосынов |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 112 бұйрығымен бекітілді |
Әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесі
№ |
Әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және |
1-тарау. Әскери қолданбалы спорт түрлері | |
1 | Әскери-спорттық көпсайыс |
2 | Жеңіл атлетика және жылдам қозғалу |
3 | Шаңғы спорты |
4 | Гранат лақтыру |
5 | Қолданбалы жүзу |
6 | Кедергілер жолағынан өту |
7 | Табельдік қарудан оқ ату |
8 | Арнайы снарядтардағы жаттығулар |
9 | Армиялық қоян-қолтық ұрыс |
2-тарау. Қызметтік-қолданбалы спорт түрлері | |
1 | Президенттік көпсайыс |
2 | Қызметтік көпсайыс |
3 | Қазақ күресі |
4 | Дзюдо |
5 | Қоян-қолтық ұрыс |
6 | Унифайт |
7 | Спорттық және жауынгерлік самбо |
8 | Жауынгерлік қол атыс қаруынан ату |
9 | Өрттен-құтқару спорты |
10 | Жауынгерлік және атыс қарудан тәжірибелік және тактикалық ату |
3-тарау. Қызметтік-қолданбалы спорт түрлері | |
1 | Автомобильдік көпсайыс |