1. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 333 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Спортшы" кәсіби стандартында:
2-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"16) спортшы – таңдаған спорт түрімен (түрлерімен) айналысатын және спорттық жарыстарға қатысатын жеке адам.";
2. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 240 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Спорт секцияларында жаттығулар мен оқытуды ұйымдастыру", кәсіби стандартында:
2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) спортшы – таңдаған спорт түрімен (түрлерімен) айналысатын және спорттық жарыстарға қатысатын жеке адам.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Спорт және фитнес клубтарына (ұйымдарына) басшылық жасау", кәсіби стандартында:
2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) спортшы – таңдаған спорт түрімен (түрлерімен) айналысатын және спорттық жарыстарға қатысатын жеке адам.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Спорт объектілеріне қызмет көрсету және пайдалану", кәсіби стандартында:
2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) спортшы – таңдаған спорт түрімен (түрлерімен) айналысатын және спорттық жарыстарға қатысатын жеке адам.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамыту", кәсіби стандартында:
2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) спортшы – таңдаған спорт түрімен (түрлерімен) айналысатын және спорттық жарыстарға қатысатын жеке адам.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Спорт объектілерін басқаруды техникалық қамтамасыз ету", кәсіби стандартында:
2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) спортшы – таңдаған спорт түрімен (түрлерімен) айналысатын және спорттық жарыстарға қатысатын жеке адам.".
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институт" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет - ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Мырзабосынов |