"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауарларды сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалау және қадағалауды енгізудің тиімділік көрсеткішін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Цифрлық түрлендіру және тауарларды таңбалау департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр | А. Шаққалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 165-НҚ бұйрығына қосымша |
Тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды және қадағалауды енгізу тиімділігінің көрсеткішін есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарларды сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалау және қадағалауды енгізудің тиімділік көрсеткішін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Әдістеме таңбалау және қадағалау жүйесін енгізудің тиімділігін бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер көлемі тұрғысынан бағалаудың негізгі тәсілдерін айқындайды.
3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган – бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) әділет органдары – өз құзыреті шеңберінде мемлекеттің құқықтық қызметін қамтамасыз ететін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың заңдылық режимін қолдайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын атқарушы билік органдары;
3) ішкі істер органдары – адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құқық қорғау органы;
4) уәкілетті экономикалық оператор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және "Кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіп пен шарттарға сай уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
5) тауарларды таңбалау және қадағалау саласындағы үйлестіруші орган – тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша басшылықты және саларалық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) карго тасымалдаушы – шетелден тауарларды әкелуге қажетті кедендік ресімдеу мен көлік жеткізу қызметтерін қоса алғанда, қызметтер кешенін көрсететін жеке немесе заңды тұлға.
2. Ақпарат көздері
4. Келесі субъектілер ақпарат көздері болып табылады:
1) уәкілетті орган – сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалауға және қадағалауға жататын тауарлар бойынша салықтар, кедендік баждар мен алымдардың жиналуына, сондай-ақ тәркіленген контрабандалық тауарлардың құнына қатысты ақпарат;
2) әділет органдары – тәркіленген контрафактілік тауарлардың құнына қатысты ақпарат;
3) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі – тәркіленген контрабандалық тауарлардың құнына қатысты ақпарат;
4) ішкі істер органдары – тәркіленген контрабандалық тауарлардың құнына қатысты ақпарат;
5) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросы – инфляция деңгейі туралы ақпарат.
3. Әкімшілік көрсеткіштердің тізбесі, оларды есептеу
№ | Әкімшілік көрсеткіштің атауы | Өлшем бірлігі | Әкімшілік нысанның/ақпараттық жүйенің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды және қадағалауды енгізу тиімділігі | пайыз | Тауарларды таңбалау және қадағалау саласындағы үйлестіруші органның интернет-ресурсы (https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/documents) |