"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Атырау облысы жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамызындағы № 2 және № 3 қорытындысына сәйкес, Көздіғара ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округіндегі көшелерге "Кенжеғали Мырзабаев", "Қалихан Мұхтаров", "Өтеш Қалиев", "Әбілқайыр Мырғамбаев", "Еркін Ізімқұлов" есімдері берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
| Округ әкімінің м.у.а | С. Қазиева |