Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауыл тұрғындарымен өткізілген № 2 хаттамасына және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 2 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақтоғай ауылдық округі, Ақтоғай ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге “Жұмашев Фазыл”, № 2 көшеге “Қыстаубаев Орынбасар” атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Округ әкімі | Е. Муратов |