Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жылыой аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы №4-3 шешімі;
2) "Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы №4-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі №7-5 шешімі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Қ. Мыңбаев |