"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 7 қарашадағы қорытындысы негізінде, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) № 30 көшеге – Қызылқұл Бектембаев көшесі;
2) № 48 көшеге – Мырзағали Шоқпаров көшесі;
3) № 49 көшеге – Жұмаддин Әлдекенұлы көшесі;
4) № 262 көшеге – Қабас Сатаев көшесі.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Жылыой ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
|
|
Жылыой аудандық мәслихат төрағасы |
Қ. Мыңбаев |
| Г. Айшуақова | |