"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және Атырау облыстық Әділет департаментінің 2025 жылғы 4 наурыздағы Атырау қаласы әкімдігінің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақталуына жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша актісіне сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 шілдедегі № 1488 "Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ш. Кейкин |