Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8-бабына сәйкес, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2026 жылдың 18 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | С. Шәпкенов |
| Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қарашадағы № 244 қаулысына қосымша |
|
| Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қарашадағы № 244 қаулысымен бекітілген |
Атырау облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері
№ р/с | Өңір | 1 мың адамға шаршы метр |
1 | Атырау қаласы | 1,7 |
2 | Жылыой ауданы | 8,8 |
3 | Индер ауданы | 22,8 |
4 | Исатай ауданы | 28,6 |
5 | Құрманғазы ауданы | 13,5 |
6 | Қызылқоға ауданы | 24,3 |
7 | Мақат ауданы | 25,4 |
8 | Махамбет ауданы | 26 |