Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 582-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шал ақын ауданында жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 577 және 578-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға арттырылсын.
Осы тармақтың ережесі Кодекстің 581-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының төрағасы | Қ. Жанғожинов |