Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19 бабына, 69 бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35-бабына сәйкес, 2025 жылғы 28 қазаңдағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне №26.4-04/1240 хатты және Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы 2025 жылғы 24 қазаңдағы № 647 бұйрығымен бекітілген, әзірленген жерге орналастыру жобасы негізінде Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі Прибрежное ауылында құрылыс алаңы үшін "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жалпы алаңы 0,7372 га жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) белгіленсін.
Жер учаскесіндегі шектеулер, ауыртпалықтар, сервитуттар: жоқ
2. Жер (лер) учаскесі (лері) бөлінеді деп саналсын.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Прибрежный ауылдық округінің әкімі | Д. Рамазанов |