ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2024 жылғы 08 сәуірдегі № 04 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға басшы болып Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Асхат Сарғабекұлы Бәкеев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 24 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі |
С. Сәдуақасов |