2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 35-2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы, 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8, 9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2026 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 56-бабының 12-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып:

      1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

      ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

      ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада ұсынылсын.

      2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына да қолданылады.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы С. Баумағанбетов

О предоставлении в 2026 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области

Решение маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 19 декабря 2025 года № 35-2

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктами 8, 9 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9946), маслихат района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Предоставить в 2026 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, с учетом ограничений, предусмотренных пунктом 12 статьи 56 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района имени Габита Мусрепова:

      1) подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю;

      2) социальная поддержка для приобретения или строительства жилья – бюджетный кредит для специалистов, прибывших:

      в сельские населенные пункты, являющиеся административными центрами района в сумме, не превышающей две тысячи пятисоткратного размера месячного расчетного показателя;

      в сельские населенные пункты в сумме, не превышающей две тысячи кратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Действие пункта 1 настоящего решения распространяется также на ветеринарных специалистов ветеринарных пунктов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования, и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2026 года.

      Председатель маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области С. Баумаганбетов