Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 114 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 188 қаулысы

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 114 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені:

      15 тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жасау және қаржы басқармасына, аудан әкімдігіне, облыстың тексеру комиссиясына есептер ұсыну;";

      15 тармақтың 40) тармақшасы алынып тасталсын;

      15 тармақтың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда аудандық коммуналдық мүлікті бағалау бойынша "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурс ұйымдастыру және өткізу;";

      15 тармақтың 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "43) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда аудандық коммуналдық мүлікке бағалау жүргізу жөніндегі конкурстың жеңімпазымен шарттар жасасу;";

      15 тармақтың 53) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "53) "Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 589 бұйрығымен бекітілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35003 болып тіркелген);".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Р. Аңбаев

О внесении изменений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 13 мая 2022 года № 114 "Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Отдел экономики и финансов акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области"

Постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 12 сентября 2025 года № 188

      Акимат района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области "Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Отдел экономики и финансов акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области" от 13 мая 2022 года № 114 следующие изменения:

      в Положении о коммунальном государственном учреждении "Отдел экономики и финансов акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области", утвержденном указанным постановлением:

      подпункт 16) пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "16) составление отчетности по исполнению районного бюджета и представление отчетов в Управление финансов, акимат района, ревизионную комиссию области;";

      подпункт 40) пункта 15 исключить;

      подпункт 42) пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "42) организация и проведение конкурса в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных закупках" по оценке районного коммунального имущества в случаях, установленных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе";";

      подпункт 43) пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "43) заключение договоров с победителем конкурса по проведению оценки районного коммунального имущества в случаях, установленных Законом Республики Казахстан "О государственных закупках";";

      подпункт 53) пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "53) осуществление централизованных государственных закупок по перечню товаров, работ, услуг, утвержденных Приказом Министра финансов Республики Казахстан от 28 августа 2024 года № 589 "Об утверждении перечней товаров, работ, услуг, по которым централизованные государственные закупки осуществляются едиными организаторами государственных закупок" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 35003);".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района имени Габита Мусрепова.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области Р. Анбаев