Қазақстан Республикасы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 5-1-бабына,Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығымен бекітілген "Отбасыны қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларына" сәйкес әзірленген, Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тіркеу;
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесін мемлекеттік тіркеу;
3) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін жолдауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық банкке енгізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі | М. Меңдібаев |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Айыртау ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы 10 маусымдағы | |
№ 196 қаулысына қосымша |
"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мекеме) мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу көмегін көрсету туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығымен бекітілген "Отбасыны қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларына", Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 192 бұйрығымен бекітілген "Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шеңберінде жан-жақты қолдаумен қамту қағидаларына", сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
4. Мекеменің құрылтайшысы Мекемеге қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі (бұдан әрі-жергілікті атқарушы орган) болып табылады.
5. Қызметті үйлестіру функциясын Мекемеге қатысты жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Уәкілетті орган) болып табылады.
6. Мекеменің атауы мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи" коммунального государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области".
Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі: 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 42.
2. Мекеменің заңды мәртебесі
7. Мекеме құрылған болып саналады және заңды тұлға мемлекеттік тіркелген сәттен бастап оның құқықтарына ие болады.
8. Мекеменің дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10. Мекеме өзінің қарауындағы ақшамен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Ақша Мекемесі жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
11. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Мекеме қызметінің мәні аудан аумағында мемлекеттік отбасылық саясатты, оның ішінде неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру болып табылады.
13. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдармен өз құзыреті шегінде, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
2) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
3) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету;
4) Мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
5) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, еріктілермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
6) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
7) Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларды қамту мақсатында мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер және басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру арқылы аталған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсету;
8) консультациялық көмекті жүзеге асыру, адамның (отбасының) мемлекеттік қолдау шараларына қажеттілігін бағалау және айқындау;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы жөніндегі өзге де шараларды іске асыру.
14. Отбасын нығайтуға, оның ішінде отбасын құруға, адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алуға бағытталған халық арасында оқыту және ағарту іс-шараларын жүргізуді жүзеге асыру.
15. Аналитикалық жазбалар мен есептер жасау, адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін көмек пен қолдаудың тиімділігіне мониторинг жүргізу.
16. Аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру және жеке материалдық жағдайын жақсарта отырып, қиын өмірлік жағдайларды еңсере отырып, ауданда тұратын көп балалы аналардың уәждемесін арттыру.
17. Мекеме осы Ережеде бекітілген қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін мәмілелер жасауға құқылы емес.
4. Мекемені басқару
18. Мекемені басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
19. Жергілікті атқарушы орган заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекемеге мүлікті бекітеді;
2) Мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) Мекеменің Ережесін, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
4) уәкілетті органмен келісім бойынша Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
5) Мекемені қаржыландыру жоспарын бекітеді
6) Мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
7) Мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
8) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
9) өзіне осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Мекеменің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жергілікті атқарушы орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Басшы мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тікелей жергілікті атқарушы органға бағынады және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына, оның өз функцияларын жүзеге асыруына және қаржы қаражатын мақсатты пайдалануына дербес жауапты болады.
Мекеме басшысы басшының орынбасарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде айқындалатын оның құзыретіне сәйкес Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
23. Мекеменің жарғылық емес қызметін жүзеге асыруға бағытталған басшының іс-әрекеті еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
24. Мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Мекеменің мүдделерін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхат береді;
5) Мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) шешім қабылдайды, Орталық мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
9) Орталық қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды;
10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады;
11) Жергілікті атқарушы орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлерін көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
13) өз орынбасарының (орынбасарларының) және өзге де қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды;
14) жұмыстың ұтымды нысандары мен әдістерін практикаға енгізу, орталықтың материалдық-техникалық базасын дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;
15) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, жергілікті атқарушы органдармен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
25. Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарды сәйкестендіру үшін Орталық екі жұмыс күні ішінде адамды "Әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министр орынбасарының - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қайта жібереді.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
26. Мекеменің мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
1) меншік иесі оған берген мүлікті;
2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікті (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден тұрады.
27. Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
28. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында Мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мекеме "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген салаларда өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджетке есепке жатқызылуға жатады.
29. Егер қосымша қаржыландыру көзі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, Мекеменің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
30. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілікті ұсынады.
31. Мекеменің қаржы - шаруашылық қызметін тексеруді және тексеруді Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
6. Мекемедегі жұмыс режимі
32. Мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
33. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
8. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
34. Мекеме жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша қайта ұйымдастырылады және таратылады.
35. Мекеме сондай-ақ заңнамалық актілерде көзделген өзге де негіздер бойынша таратылуға жатады.
36. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мемлекеттік мекеменің мүлкі жергілікті атқарушы органмен қайта бөлінеді.
37. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, таратылған мекеменің ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
9. Филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтер
38. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.