Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 149 қаулысына мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақтың 38) тармақшасы алып тасталсын;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 42), 43) тармақшалармен толықтырылсын:
"42) азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларды өткізу;
43) жергiлiктi ауқымдағы апаттар мен зiлзалалардың алдын алу және оны жою жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.".
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) тіркеуші органды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде енгізілген өзгеріс және толықтырулар туралы хабардар етсін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Ғ. Нұрмұхамбетов |