Солтүстік Қазақстан облысының Ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 30/3 шешімі

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысының Ортақ су пайдалану қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихатының
  2025 жылғы 26 қарашадағы
  № 30/3 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының Ортақ су пайдалану қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысында Ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) негізінде әзірленген және жеке тұлғалардың Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.

      3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

      4. Ортақ су пайдалану кезінде су объектілерін пайдалану су объектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.

2 тарау. Ортақ су пайдалану тәртібі

      5. Жергілікті атқарушы органдар жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын жүзеге асыру мақсатында:

      1) су обьектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      2) ортақ су пайдалану су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды айқындайды;

      3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су объектілерінің және (немесе) учаскелерінің және іргелес жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;

      4) халыққа ортақ су пайдалану бойынша орнатылған шектеулер мен тыйымдар туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.

      6. Су объектісіне тікелей қолжетімділік болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қоғамдық сервитут орнатады.

      7. Шектеулер немесе тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілерінің жағалауында арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.

      8. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін су объектілерін пайдалану санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және суару алаңдары мен су объектілерін ластау мен кірлетудің алдын алатын басқа да құралдар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

      9. Балық шаруашылығы су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, аталмыш су объектісінде көл-тауар шаруашылығын жүргізу құқығы берілген тұлғаларға ұйымдастырылады.

      10. Ортақ су пайдалану объектілерін пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілеріне жеке тұлғалардың қолжетімділігін шектейтін қоршауларды, шлагбаумдарды, тыйым салатын белгілерді және басқа да құралдарды өздігінен орнату;

      2) су объектілерін ластау және кірлету;

      3) шомылуға арналған жерлерде көлікті жуу, киім жуу және жануарларды шомылдыру;

      4) арнайы ақпараттық белгілер орнатылған, ескерту немесе тыйым салу жазулары бар жерлерде шомылу;

      5) арнайы ақпараттық белгілерді өздігінен алып тастау, зақымдау немесе жою;

      6) жанармай және майлау материалдарын сақтау;

      7) көлікті жанармаймен қамтамасыз ету, жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізу;

      8) су объектілерінде және олардың жанында кәмелетке толмаған балаларды ересектерсіз қалдыру.

Об утверждении правил общего водопользования Северо-Казахстанской области

Решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 26 ноября 2025 года № 30/3

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 26 Водного Кодекса Республики Казахстан, приказом исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 11 июля 2025 года № 171-НҚ "Об утверждении Типовых правил общего водопользования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 36443) Северо-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить правила общего водопользования Северо-Казахстанской области согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель Северо-Казахстанского областного маслихата В. Бубенко

  Приложение к решению
  Северо-Казахстанского областного маслихата
  от 26 ноября 2025 года № 30/3

Правила общего водопользования Северо-Казахстанской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила общего водопользования в Северо-Казахстанской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 26 Водного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и на основании Типовых правил общего водопользования, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 11 июля 2025 года №171-НҚ (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 36443) и определяют порядок осуществления физическими лицами общего водопользования на территории Северо-Казахстанской области.

      2. Общее водопользование осуществляется физическими лицами для удовлетворения личных потребностей в рекреации, туризме, любительском (спортивном) рыболовстве и иных формах досуга, не связанных с осуществлением хозяйственной или предпринимательской деятельности, а также водопоя сельскохозяйственных животных на пастбищах.

      3. Специального разрешения для осуществления общего водопользования не требуется.

      4. Пользование водными объектами при общем водопользовании осуществляется в рамках публичного водного сервитута, являющегося неотъемлемой частью водного объекта.

Глава 2. Порядок общего водопользования

      5. Местные исполнительные органы для реализации физическими лицами права общего водопользования:

      1) обеспечивают беспрепятственный доступ к водным объектам;

      2) определяют места для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах общего водопользования;

      3) определяют участки рыбохозяйственных водных объектов и (или) участков и прилегающей береговой полосы для осуществления любительского (спортивного) рыболовства;

      4) обеспечивают информирование населения об установленных ограничениях и запретах общего водопользования.

      6. При отсутствии прямого доступа к водному объекту, местными исполнительными органами устанавливается публичный сервитут в соответствии со статьей 69 Земельного кодекса Республики Казахстан.

      7. Информация об ограничениях или запретах подлежит опубликованию в средствах массовой информации, на интернет-ресурсе государственных органов и должна быть доступной к ознакомлению путем установления специальных информационных знаков вдоль берегов водных объектов.

      8. Использование водных объектов для водопоя сельскохозяйственных животных допускается вне зоны санитарной охраны и при наличии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов.

      9. На рыбохозяйственных водных объектах любительское (спортивное) рыболовство организовывается физическими и (или) юридическими лицами, которым предоставлено право ведения озерно-товарной хозяйственной деятельности на данном водном объекте.

      10. При использовании водных объектов общего водопользования не допускаются:

      1) самовольная установка ограждений, шлагбаумов, запретительных знаков, иных средств ограничения доступа физических лиц к водным объектам;

      2) загрязнение и засорение водного объекта;

      3) мытье транспорта, стирка белья и купание животных в местах, предназначенных для купания;

      4) купание в местах, где выставлены специальные информационные знаки с предупреждающими или запрещающими надписями;

      5) самовольное снятие, повреждение или уничтожение специальных информационных знаков;

      6) хранение на территории горюче-смазочных материалов;

      7) осуществление заправки топливом, мойки и ремонта транспорта;

      8) оставлять на водных объектах и в непосредственной близости от них несовершеннолетних детей без присмотра взрослых.