ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 168-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған нысаналы жарнаны пайдалану туралы есептілікті жасау, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы жарнаны пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қантардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
А. Амангелдиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 мамырдағы № 368 бұйрығымен бекітілген |
Нысаналы жарнаны пайдалану туралы есептілікті жасау, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы жарнаны пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы нысаналы жарнаны пайдалану туралы есептілікті жасау, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы жарнаны пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 168-бабының 12-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;
4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
5) республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына:
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтердің көрсетілгеніне ақы төлеу үшін;
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде;
әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін берілетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы жарна болып табылады.
2 тарау. Нысаналы жарнаны пайдалану туралы есептілікті жасау, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы жарнаны пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптары тәртібі
3. Нысаналы жарнаны пайдалану туралы есептілікті жасау процесінің қатысушылары:
1) уәкілетті орган;
2) қор.
4. Қор "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15661 болып тіркелген), (бұдан әрі – № 612 бұйрық) 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде нысаналы жарнаны пайдалану туралы есептерді уәкілетті органға ұсынады.
5. Қор нысаналы жарнаны пайдалану туралы есептерді № 612 бұйрыққа 6, 7, 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша уәкілетті органға ұсынады.
6. Нысаналы жарнаны пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы есептік ақпарат қордың және уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады.
7. Қор:
1) № 612 бұйрыққа қосымшаларда бекітілген нысандар мен мерзімдерге сәйкес есептілікті уақтылы ұсынуды;
2) нысаналы жарна қаражатын орындамау/ауытқулар себептерін және пайдалану нәтижелерін көрсете отырып, жоспарлы мәндерден нақты орындаудың ауытқулары бойынша түсіндірме жазба ұсынуды қамтамасыз етеді.