Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 20 қыркүйектегі №3/548 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 3/670 қаулысы

      Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 20 қыркүйектегі №3/548 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      16 тармақтағы:

      1 тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деректерді басқару талаптары саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;";

      15 тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "15) ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;".

      22, 23-тармақшалар алынып тасталсын;

      келесі мазмұндағы 30-3) - 30-20) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "30-3) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      30-4) операторға "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды беру;

      30-5) операторға деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік беру;

      30-6) деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына беру;

      30-7) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      30-8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдай жасау;

      30-9) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру;

      30-10) Алматы қаласының шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      30-11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      30-12) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сын тұрғыдан маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындау;

      30-13) Алматы қаласы аумағында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      30-14) субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы жолданымдарын қарау және тиісті шешімдер қабылдау;

      30-15) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының бұзылуына жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қабылдау;

      30-16) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап ету;

      30-17) субъектілердің дербес деректер саласындағы құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;

      30-18) Алматы қаласы аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      30-19) Алматы қаласы аумағында электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      30-20) Алматы қаласы аумағында электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер мәселелеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру".

      2. "Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) Алматы қаласының әділет органдарына құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлауды;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 20 сентября 2019 года №3/548 "Об утверждении положения о коммунальном государственном учреждении "Управление цифровизации города Алматы"

Постановление акимата города Алматы от 29 сентября 2025 года № 3/670

      Акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Алматы от 20 сентября 2019 года №3/548 "Об утверждении положения о коммунальном государственном учреждении "Управление цифровизации города Алматы" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о коммунальном государственном учреждении "Управление цифровизации города Алматы", утвержденным указанным постановлением:

      в пункте 16:

      подпункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1)обеспечение соблюдения единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности, требований по управлению данными;";

      подпункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15) приобретение информационно-коммуникационных услуг";";

      подпункты 22, 23 исключить;

      дополнить подпунктами 30-3) - 30-20) следующего содержания:

      "30-3) осуществление государственного контроля за качеством услуг связи, оказываемых операторами связи;

      30-4) предоставление оператору электронных информационных ресурсов, необходимых для информационного наполнения веб-портала "электронного правительства;

      30-5) предоставление доступа оператору к электронным информационным ресурсам для осуществления аналитики данных в соответствии с требованиями по управлению данными;

      30-6) передача данных на информационно-коммуникационную платформу "электронного правительства" в соответствии с требованиями по управлению данными;

      30-7) осуществление деятельности по совершенствованию системы привлечения инвестиций и механизмов стимулирования разработки и реализации инвестиционных проектов в сфере информатизации;

      30-8) создание условий для развития отрасли информационно-коммуникационных технологий;

      30-9) разработка и размещение платформенных программных продуктов;

      30-10) осуществление государственного контроля в сфере информатизации в отношении субъектов частного предпринимательства в пределах города Алматы;

      30-11) осуществление мониторинга выполнения единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности;

      30-12) определение объектов, относящихся к критически важным объектам информационно-коммуникационной инфраструктуры, в пределах своей компетенции;

      30-13) осуществление государственного контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан о персональных данных и их защите в отношении субъектов частного предпринимательства в пределах города Алматы;

      30-14) рассмотрение обращения субъекта или его законного представителя о соответствии содержания персональных данных и способов их обработки целям их обработки и принятие соответствующих решений;

      30-15) принятие мер по привлечению лиц, допустивших нарушения законодательства Республики Казахстан о персональных данных и их защите, к ответственности, установленной законами Республики Казахстан;

      30-16) требование от собственника и (или) оператора, а также третьего лица уточнения, блокирования или уничтожения недостоверных, или полученных незаконным путем персональных данных;

      30-17) осуществление мер, направленных на совершенствование защиты прав субъектов в сфере персональных данных;

      30-18) осуществление государственного контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан об электронном документе и электронной цифровой подписи, за исключением источников комплектования Национального архива Республики Казахстан и центральных государственных архивов в пределах города Алматы;

      30-19) реализация государственной политики в сфере электронного документооборота и электронных архивов на территории города Алматы;

      30-20) осуществление методического руководства вопросами электронного документооборота и электронных архивов на территории города Алматы".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление цифровизации города Алматы" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) извещение органов юстиции города Алматы о внесенных изменениях и дополнениях в учредительный документ;

      2) направление настоящего постановления в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Алматы.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы Д. Сатыбалды