Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/245 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
"Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
13 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1) Өкілеттіктері:
1) құқықтар:
өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі;
заңнамаға сәйкес өкілеттілік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес өз құзыреті шегінде Басқарманың бұйрықтарымен және басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдау;
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты сұрау және алу;
тексерулер жүргізу кезінде тексерілетін объектіге бару;
тексерулер жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұрау, тексеруге қатысты құжаттардың түпнұсқаларымен танысу;
жергілікті бюджет қаражаты есебінен ерекше метеожағдайлар кезеңінде қосымша ресурстар (мамандандырылған техника, жол жұмысшылары) тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
2) міндеттері:
Алматы қаласының бюджетінен Басқармаға бөлінген ақша қаражатын оңтайлы және тиімді пайдалану және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды қамтамасыз ету;
заңнамамен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;
тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында құрылған жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу туралы ақпаратты орналастыру жолымен өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
тексеру жүргізу кезінде тексеріліп жатқан объектінің белгіленген жұмыс тәртібіне кедергі жасамау.";
14 тармақ:
23), 24), 25), 32) тармақшалар алынып тасталсын.".
2. "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) Алматы қаласының әділет органдарына Мекеменің құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер туралы хабарлауды;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Д. Сатыбалды |