Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына сәйкес, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 7-04/1794 хаты негізінде, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Май ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы "Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 102/5 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: "Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
2-бөлімнің 20-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
5) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану;
5-тармақша мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
5-1) "Азаматтарды қандай да бір белгілер бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
5-2) "Рұқсаттар мен хабарламала туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауданның елді мекендерінде маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қаруды жүзеге асырады.
5-3) "Республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, кент, ауыл және басқа да елді мекендердегі көше атауларын дұрыс жазу және орналастырылуын келісуді жүзеге асыру.
2. "Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдансын;
осы қаулы Май ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Қоса беріліп отырған "Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
4. Май ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 06 қаңтардағы "Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 6/1 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Қ. Сәтиев |