Май ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереже, Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 244/3 "Туризм саласындағы функцияларды беру туралы" қаулысына сәйкес Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылғы 27 ақпандағы "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 43/2 қаулысына өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының қосымшасының 2 тармағының 1 тармақшасы қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
"1) Май ауданы әкімдігі, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мәдени ойын-сауық орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны."
2) 20 тармақтың 16 тармақшасы қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
"16) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басқару құзыретіне қатысты мәдениет, дене шынықтыру және спорт салалары және басқа да мәселелер бойынша баяндама, түсіндірме хаттар, ақпараттық-сараптама құжаттары мен анықтамалар дайындайды;"
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімінің орынбасары О.Н. Темірболатоваға жүктелсін.
3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Сатиев |