Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес және 2025 жылғы 10 маусымдағы №3350-ЕL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі аумағында қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "ПАВЛОДАРЖОЛДАРЫ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1) "Баянауыл ауданы Баянауыл аулдық округі әкімінің аппараты" ММ-не шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау келісім бойынша жүргізілсін.
2) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын;
3) жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтірсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Баянауыл ауылдық округінің әкімі | Ф. Дәрібай |
| Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы "07" қазан № 1-03/07 шешіміне қосымша |
Р/с | Пайдаланушы | Ауданы, гектар |
Нысаналы |
Пайдалану |
Жер телімінің орналасқан |
1 | "ПАВЛОДАРЖОЛДАРЫ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 20,6476 га | Қатты пайдалы қазбаларға барлау жүргізу үшін | 2031 жылдың 10 маусымына дейін | Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі аумағында, елді мекен жерлері, 14-205-067 |