Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл аудандық мәслихатының "Баянауыл ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 6 наурыздағы № 122/16 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7502-14 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
| Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы | Р. Мукашев |