Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 05 маусымдағы "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 680/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 шілдедегі № 1128/2 қаулысы

      Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 05 маусымдағы "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 680/1 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1) "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық тұрғын үй қорын жедел басқаруды жүзеге асыру;

      2) "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

      3) "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы қаланың коммуналдық тұрғын үй қорын түгендеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

      4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

      5) "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметін көрсету;

      6) қала әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

      7) "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

      8) тұрғын үй комиссияларының отырыстарында қарау үшін құжаттар дайындау, тұрғын үй комиссиялары шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

      9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау шарттарын жасасу және белгіленген тәртіппен беру;

      10) "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы тұрғын үй қорын бағалау бойынша, сондай-ақ осы тұрғын үйлерде есік құлыптарын ашу және орнату және қаланың коммуналдық тұрғын үй қорының объектілерін жөндеу бойынша Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді қамтамасыз ету;

      11) Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде сатып алу-сату шарттарын жасасу;

      12) мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша, жекешелендіру шарты бойынша, сондай-ақ сатып алу-сату шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      13) коммуналдық тұрғын үй қорының есебін, оның ішінде коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз қалған, коммуналдық меншікке өтеусіз өткен тұрғын үйлерді есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      14) жалға алушы мен оның отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығының күші жойылды деп сот тәртібімен тану жөнінде шаралар қолдану;

      15) заңсыз тұратын азаматтарды коммуналдық тұрғын үй қорынан шығару жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      16) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, өз құзыреті шегінде электрондық қызметтер көрсету;

      17) азаматтық-құқықтық шарттар (сатып алу-сату және басқа да шарттар) негізінде мүлік құқықтарын сатып алу және тоқтату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      18) құзыреті шегінде Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру;

      19) жалға берілетін тұрғын үйді нысаналы пайдалану мониторингі алушылардың жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау жөніндегі көрсетілетін қызметі;

      20) коммуналдық тұрғын үй қорының объектілерін жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      21) жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін немесе өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау немесе жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды тоқтату туралы Павлодар қаласы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

      22) мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты тұрғын үйді бұзу туралы шарттар жасасу;

      23) мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін және өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі жергілікті атқарушы органның функцияларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының құзыреті шеңберінде өзге де шаралар қабылдау;

      24) Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігінде орналасқан иесіз тұрғын үйді есепке қою жөнінде шаралар қабылдау;

      25) Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігінде орналасқан тұрғын үйді иесіз немесе иесіз және коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы сотқа талап-арыз беру;

      26) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функциялар.";

      22-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын жасасу (ұзарту) және өзгерістер енгізу туралы мәселені қарау;".

      2. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Қ. Беготаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков

О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 05 июня 2024 года № 680/1 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел жилищных отношений города Павлодара"

Постановление акимата города Павлодара Павлодарской области от 25 июля 2025 года № 1128/2

      Акимат города Павлодара ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Павлодара от 05 июня 2024 года № 680/1 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел жилищных отношений города Павлодара" следующие изменения:

      в Положение о государственном учреждении "Отдел жилищных отношений города Павлодара":

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "1) осуществление оперативного управления коммунальным жилищным фондом, находящимся в ведении государственного учреждения "Отдел жилищных отношений города Павлодара";

      2) организация сохранения коммунального жилищного фонда, находящегося в ведении государственного учреждения "Отдел жилищных отношений города Павлодара";

      3) организация и проведение мероприятий по инвентаризации коммунального жилищного фонда города, находящегося в ведении государственного учреждения "Отдел жилищных отношений города Павлодара";

      4) обеспечение жильҰм граждан, состоящих на учете нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда;

      5) оказание государственной услуги "Приватизация жилищ из государственного жилищного фонда";

      6) организация деятельности жилищной комиссии при акимате города;

      7) организация деятельности жилищной комиссии при государственном учреждении "Отдел жилищных отношений города Павлодара";

      8) подготовка документов для рассмотрения на заседаниях жилищных комиссий, осуществление контроля за исполнением решений жилищных комиссий;

      9) заключение и выдача в установленном порядке договоров найма жилья из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;

      10) обеспечение реализации государственного закупа, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных закупках", по оценке жилищного фонда, находящегося в ведении государственного учреждения "Отдел жилищных отношений города Павлодара", а также по вскрытию и установке дверных замков в данных жилищах и ремонту объектов коммунального жилищного фонда города;

      11) заключение договоров купли-продажи в рамках Государственных жилищных программ;

      12) осуществление мониторинга исполнения обязательств по договору имущественного найма (аренды), по договору приватизации, а также по договорам купли-продажи;

      13) организация учета коммунального жилищного фонда, в том числе учета, хранения, оценки и дальнейшего использования жилища, обращенного (поступившего) в коммунальную собственность, признанного в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, бесхозяйным, перешедшего государству по праву наследования, а также выморочного, безвозмездно перешедшего в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, в коммунальную собственность, обеспечение его эффективного использования;

      14) принятие мер по признанию в судебном порядке нанимателя и членов его семьи утратившим право пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      15) проведение мероприятий по выселению незаконно проживающих граждан из коммунального жилищного фонда;

      16) в пределах своей компетенции оказание электронных услуг с применением информационных систем, в соответствии с законодательством Республики Казахстан об информатизации;

      17) организация работ по приобретению и прекращению прав на имущество на основании гражданско-правовых договоров (купля-продажа и другие договоры);

      18) реализация Государственных жилищных программ в пределах компетенции;

      19) мониторинг целевого использования арендного жилья услугополучателями, выплат по субсидированию части арендной платы за жилище, арендуемое в частном жилищном фонде;

      20) выступает заказчиком по ремонту объектов коммунального жилищного фонда;

      21) разработка проекта постановления акимата города Павлодара о начале принудительного отчуждения земельного участка или иного недвижимого имущества, в связи с изъятием земельного участка для государственных нужд или прекращения принудительного отчуждения земельного участка или иного недвижимого имущества в связи с изъятием земельного участка для государственных нужд;

      22) заключение договоров о сносе жилого дома в связи с принудительным отчуждением земельных участков для государственных нужд;

      23) принятие иных мер в рамках компетенции действующего законодательства Республики Казахстан при реализации функций местного исполнительного органа по принудительному отчуждению земельных участков и иного недвижимого имущества для государственных нужд;

      24) принятие мер по постановке на учет жилища как бесхозяйное, находящееся на административно-территориальной единице города Павлодар;

      25) подача иска в суд о признании жилища бесхозяйным либо выморочным и поступившим в коммунальную собственность, находящегося на административно-территориальной единице города Павлодар.

      26) иные функции, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.";

      подпункт 5) пункта 22 изложить в следующей редакции:

      "5) рассмотрение вопроса о заключении (продлении) и внесении изменений в договора найма (поднайма) жилища;".

      2. Государственному учреждению "Отдел жилищных отношений города Павлодара" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Павлодара;

      принятие иных необходимых мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Беготаеву К. К.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официльного опубликования.

      Аким города Павлодара Х. Хабылбеков