Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2025 жылға арналған Павлодар облысы бойынша басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын,сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 213/1 қаулысына (Нормативтік нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 213071 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізу:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу ұшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республиқасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамассыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Байханов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы "9" қазандағы № 267/1 қаулысына қосымша |
|
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы "4" тамыздағы № 213/1 қаулысына қосымша |
2025 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің
шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | Өлшем бірлігі, тонна, гектар | 1 тоннаға арналған субсидиялардың нормалары, теңге |
1 | Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер | гектар | 5 153 301 |
2 | Қарақұмық | тонна | 20 000 |