Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы "Павлодар облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантинді аймақ белгілеу туралы" № 193/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6444 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Байханов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" _______ № _______ қаулысына қосымша |
Павлодар облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып,
қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантинді аймақтар
№ | Облыстың қалалары мен аудандары | Ауылдық округ | Таратылу шекарасы | Алаңы, га |
1. | Аққулы | Малыбай | Көкжал орманшылығы, 99 орам | 20 |
Аудан бойынша барлығы: | 20 | |||
2. | Баянауыл | Баянауыл | Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Жасыбай орманшылығы, 48 орам | 2 |
Аудан бойынша барлығы: | 2 | |||
3. | Шарбақты | Галкин | Мемлекеттік жер қоры | 20 |
Аудан бойынша барлығы: | 20 | |||
Облыс бойынша барлығы: | 42 |