Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласы, Тереңкөл, Железин, Павлодар, Успен аудандарының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысы Ақсу қаласының, Тереңкөл, Железин Павлодар, Успен аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Ақсу қаласы бойынша Достық ауылдық округінің Кіші Парамоновка ауылы таратылсын және оның аумағын Достық ауылдық округінің Достық ауылының құрамына енгізе отырып, есептік деректерден алып тасталсын;
2) Тереңкөл ауданы бойынша:
Береговое ауылдық округінің Луговое ауылы таратылсын және оның аумағын Береговое ауылдық округінің Осьмерыжск ауылының құрамына енгізе отырып, есептік деректерден алып тасталсын;
Ивановка ауылдық округінің Новоспасовка ауылы таратылсын және оның аумағын Ивановка ауылдық округінің Ивановка ауылының құрамына енгізе отырып, есептік деректерден алып тасталсын;
3) Железин ауданы бойынша Прииртышск ауылдық округінің Груздевка ауылы таратылсын және оның аумағын Прииртышск ауылдық округінің Үрлітөбе ауылының құрамына енгізе отырып, есептік деректерден алып тасталсын;
4) Павлодар ауданы бойынша:
Рождественка ауылдық округінің Максимовка ауылы таратылсын және оның аумағын Рождественка ауылдық округінің Розовка ауылының құрамына енгізе отырып, есептік деректерден алып тасталсын;
Ефремовка ауылдық округінің Даниловка ауылы таратылсын және оның аумағын Ефремовка ауылдық округінің Ефремовка ауылының құрамына енгізе отырып, есептік деректерден алып тасталсын;
Ефремовка ауылдық округі Ефремовка ауылы болып қайта құрылсын;
5) Успен ауданы бойынша Қоңырөзек ауылдық округінің Чистополь ауылы таратылсын және оның аумағын Қоңырөзек ауылдық округінің Вознесенка ауылының құрамына енгізе отырып, есептік деректерден алып тасталсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |
| Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы | И. Теренченко |