БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 34 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидаларында:
4-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
12-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Дене шынықтыру дайындығының деңгейін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің немесе оның міндетін атқарушы адамның шешімі бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби дене шынықтыру дайындығына аралық тексеру жүргізіледі.
Бұл ретте кәсіби дене шынықтыру дайындығын аралық тексеруді жүргізу күні бұйрықтың өзінде ескертіледі.
Нормативтерді орындау, қабылдау, бағалау және тексеруден босату тәртібі осы Қағидалардың 28, 29, 30, 31, 32 және 33-тармақтарында көзделген ұқсас тәртіппен айқындалады.";
Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор |
Ш. Әрінов |
Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілердің санаттары
1. "А" санатындағы қызметкерлер мен әскери қызметшілер:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі - ТЖД):
жүргізуші-қызметкерді қоспағанда, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері;
2) ТЖМ ТЖД-ның Төтенше жағдайлар басқармалары (бөлімдері) (бұдан әрі - ТЖБ(Б)):
өрт сөндіру автомобилін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушыны, өрт сөндіру автомобильдерінің аға жүргізуші-қызметкерін, өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкерін, аға байланыс шеберін, радиотелефонистті, газ түтіннен қорғау қызметі базасының бастығын, газ түтіннен қорғау қызметінің аға шеберін, дәрігерлерді, фельдшерлерді, сондай-ақ кадр жұмысы бөлімшелерінің қызметкерлерін қоспағанда, барлық қызметкерлер;
3) ТЖМ білім беру ұйымының барлық қызметкерлері мен әскери қызметшілері;
4) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің барлық әскери қызметшілері.
2. "Б" санатындағы қызметкерлер мен әскери қызметшілер:
1) ТЖМ аппараты мен ведомстволарының барлық қызметкерлері мен әскери қызметшілері;
2) ТЖМ ТЖД:
осы қосымшаның 1-тармағының 1) тармақшасында аталған қызметкерлерді қоспағанда, барлық қызметкерлер;
3) ТЖБ (Б):
өрт сөндіру автомобилін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы, өрт сөндіру автомобильдерінің аға жүргізуші-қызметкері, өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері, аға байланыс шебері, радиотелефонист, газ түтіннен қорғау қызметі базасының бастығы, газ түтіннен қорғау қызметінің аға шебері, дәрігер, фельдшер, сондай-ақ кадр жұмысы бөлімшелерінің қызметкерлері.