Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 157 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 164-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жұманғарин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрінің
2025 жылғы 29 мамырдағы
№ 157 бұйрығымен
бекітілген

Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидалары

      1. Осы Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 164-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қарауына:

      1) байланысты грантты алушы туралы ақпаратты;

      2) болжамды донор туралы ақпаратты;

      3) грант сомасы туралы ақпаратты;

      4) байланысты грантты іске асырудың әрбір жылына валютамен және теңгемен қаржыландыру көздерін (грант қаражатын және оны бірлесіп қаржыландыруды) бөліп көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесін;

      5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес мақсатын, жоспарланатын іс-шараларын, күтілетін нәтижелерін көрсете отырып, әрбір өтінімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны (негіздеме);

      6) орталық мемлекеттік органның байланысты грантты тартуға арналған өтінімінде оның құзыретіне кірмейтін іс-шара болған жағдайда тиісті мемлекеттік органның салалық қорытындысын қамтитын еркін нысандағы өтінімді ұсынады.

      Егер байланысты грант жобасы республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру және донор қаражаты есебінен іске асырылатын болса, орталық уәкілетті органының тиісті салалық қорытындысы ұсынылады.

      Егер байланысты грант жобасын іске асыру бірнеше салалық орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілік саласын қозғаған жағдайда, бенефициар мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген салалық қорытынды ұсынады.

      Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерге ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы қоса беріледі.

      Салалық қорытындыны тиісті орталық мемлекеттік органдар береді, оған орталық мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары қол қояды.

      Байланысты грант жобасы жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру және донор қаражаты есебінен іске асырылған жағдайда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органның тиісті салалық қорытындысы беріледі.

      Жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру және донор қаражаты есебінен іске асырылуы болжанатын байланысты грант жобасы бірнеше салалық жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілік саласын қозғаған жағдайда, бенефициар мүдделі жергілікті атқарушы органдармен келісілген салалық қорытындыны береді.

      3. Орталық мемлекеттік органдар тиісті қаржы жылына бірнеше өтінім ұсынған жағдайда өтінімдер олардың басымдығы тәртібімен көрсетіледі.

      4. Осы Қағидаларға сәйкес жасалған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар кезекті қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 20 ақпанынан кешіктірмей уәкілетті органға жібереді.

      5. Донор байланысты грантты тартуға арналған өтінімді мақұлдаған жағдайда, оны тартудың орындылығын тиісті бюджет комиссиялары айқындайды.

  Байланысты гранттарды
тартуға арналған өтінімдерді
ұсыну қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесі

Байланысты грант

Донор

Атқарушы орган

Іске асырылатын жылы

Грант қаражаты (валюта/теңге)

Грант сомасы

Мемлекеттік бюджеттен қоса қаржыландыру

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3







4







5







  Байланысты гранттарды
тартуға арналған өтінімдерді
ұсыну қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Түсіндірме жазба (негіздеме)

      Мақсаты:

      Жоспарланған іс-шаралар:

      Мемлекеттік органдармен сәйкес күтілетін нәтижелер:

Об утверждении Правил представления заявок на привлечение связанных грантов

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 мая 2025 года № 157

      В соответствии с пунктом 2 статьи 164 Бюджетного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила представления заявок на привлечение связанных грантов.

      2. Департаменту международного экономического сотрудничества Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа его направление для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан после его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра –
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
С. Жумангарин

  Утверждены
приказом Заместителя
Премьер-Министра – Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
29 мая 2025 года № 157

Правила представления заявок на привлечение связанных грантов

      1. Настоящие Правила представления заявок на привлечение связанных грантов (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 164 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок представления заявок на привлечение связанных грантов.

      2. Центральные государственные органы с учетом заявок местных представительных и исполнительных органов представляют заявку в произвольной форме на рассмотрение в уполномоченный орган по бюджетной политике (далее – уполномоченный орган), содержащую:

      1) информацию о получателе связанного гранта;

      2) информацию о предполагаемом доноре;

      3) информацию о сумме гранта;

      4) сводную таблицу финансирования связанного гранта по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам с разбивкой на источники финансирования (средства гранта и софинансирования к нему) на каждый год реализации связанного гранта в валюте и в тенге;

      5) пояснительную записку (обоснование) по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам к каждой заявке в отдельности, с указанием цели, планируемых мероприятий, ожидаемых результатов в соответствии с Системой государственного планирования Республики Казахстан;

      6) отраслевое заключение соответствующего государственного органа при наличии в заявке на привлечение связанного гранта центрального государственного органа мероприятия, не входящего в его компетенцию.

      В случае если проект связанного гранта реализуется за счет средств софинансирования из республиканского бюджета и донора предоставляется соответствующее отраслевое заключение центрального уполномоченного органа.

      В случае если реализация проекта связанного гранта затрагивает сферу ответственности нескольких центральных государственных органов бенефициаром предоставляется отраслевое заключение, согласованное с заинтересованными государственными органами.

      К заявкам на привлечение связанных грантов, направленных или предусматривающих создание или развитие информационных систем, прилагается отраслевое заключение уполномоченного органа в сфере информатизации.

      Отраслевое заключение предоставляется соответствующими центральными государственными органами за подписью курирующего заместителя руководителя центрального государственного органа.

      В случае если проект связанного гранта реализуется за счет средств софинансирования из местного бюджета и донора предоставляется соответствующее отраслевое заключение местного исполнительного органа, финансируемого из местного бюджета.

      В случае если проект связанного гранта, предполагаемый к реализации за счет средств софинансирования из местного бюджета и донора, затрагивает сферу ответственности нескольких местных исполнительных органов бенефициаром предоставляется отраслевое заключение, согласованное с заинтересованными местными исполнительными органами.

      Отраслевое заключение предоставляется соответствующими местными исполнительными органами за подписью курирующего заместителя акима (города республиканского значения, столицы, области).

      3. В случае представления центральными государственными органами нескольких заявок на соответствующий финансовый год заявки указываются в порядке их приоритетности.

      4. Заявки, составленные в соответствии с настоящими Правилами, направляются центральными государственными органами в уполномоченный орган не позднее 20 февраля финансового года, предшествующего очередному финансовому году.

      5. В случае одобрения донором заявки на привлечение связанного гранта целесообразность его привлечения определяется соответствующими бюджетными комиссиями.

  Приложение 1
к Правилам предоставления
заявок на привлечение
связанных грантов

      Форма

Сводная таблица финансирования связанного гранта

Связанный грант

Донор

Исполнительный орган

Год реализации

Средства гранта (валюта/тенге)

Сумма гранта

Софинансирование из государственного бюджета

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3







4







5







  Приложение 2
к Правилам предоставления
заявок на привлечение
связанных грантов

      Форма

Пояснительная записка (обоснование)

      Цель:

      Планируемые мероприятия:

      Ожидаемые результаты в соответствии с государственными органами: