"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Ұзынкөл ауданындағы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 10 шілдедегі № 137 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы Федоров Сокол ауылы бойынша орналасқан Реунова С.П. жеке ауласындағы жыртқыш (мысық) құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің Ұзынкөл аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шектеу іс-шараларын эпизоотия ошағында санитариялық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. "Ұзынкөл ауданының Федоров ауылдық округі әкімнің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнамалық және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша Филиалында ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Федоров ауылдық округінің әкімі | А. Кукин |
Келісілді
"Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің Ұзынкөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ А. Алимбаева
"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау
Министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау Комитеті Қостанай облысының
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
Департаментінің Ұзынкөл аудандық
санитарлық эпидемиологиялық бақылау
басқармасы" республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін атқарушы
___________________________ Н. Курочкина