"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұзынкөл ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі кәсіпорынның таза табысының сомасынан елу пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Ұзынкөл ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі кәсіпорынның таза табысының сомасынан он пайыз мөлшерінде белгіленсін.
3. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат интституты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыру.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұзынкөл ауданының әкімі | М. Жұрқабаев |