Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Асенкритов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "2024 жылы В2G сегменті үшін ТОБЖ құрылысы. Қостанай облысы" объект бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін және телефон кәрізді өткізу және пайдалану үшін Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Асенкритов ауылдық округі, Николаев ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,1534 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) берілсін.
2. "Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде осы шешімді қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жіберуді;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғанынан кейін "Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Асенкритов ауылдық округінің әкімі | Ж. Муханов |