Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 295 "Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кенті, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртіпкесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы қаулыны ресми жариялағанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин ауданының әкімі | Қ. Мыржақыпов |