Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 198 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56 бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін таза табыс сомасының жиырма пайызы мөлшерінде аудару нормативі белгіленсін.

      2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Cарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл ауданының әкімі М. Шымырбеков

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода государственных предприятий, осуществляющих деятельность в социальной сфере

Постановление акимата Сарыкольского района Костанайской области от 8 декабря 2025 года № 198

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан акимат Сарыкольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить норматив отчисления части чистого дохода государственных предприятий, осуществляющих деятельность в социальной сфере, в размере двадцати процентов от суммы чистого дохода.

      2. Государственному учреждению "Отдел экономики и финансов акимата Сарыкольского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Сарыкольского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Сарыкольского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Сарыкольского района М. Шымырбеков