"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 30 "Науырзым ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 7676 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
| Аудан әкімі | М. Ихтиляпов |