БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Нысанбаев |
| бұйрықпен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2012 жылғы 30 наурыздағы № 25-02-02/146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7610 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі №479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 192) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқауларында
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
" 1. Осы Орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 192) тармақшасына сәйкес әзірленген.".
2. "Айырым белгілері бар нысандық киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі №25-02-01/166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7668 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының айырым белгілері бар нысандық киiм (погонсыз) үлгілерінде:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Айырым белгілері бар нысандық киім үлгілері (погонсыз) (бұдан әрі – Үлгілер) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.".
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының айырым белгілері бар нысандық киiм (погонсыз) киіп жүру қағидаларында:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының айырым белгілері бар нысандық киім (погонсыз) киіп жүру қағидасы "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.".
3. "Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8181 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 190) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығында:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ережесінің 15-тармағы 190) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11387 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларына сәйкес әзірленді.";
9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Орман орналастыру Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Орман кодексі) 55-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";
274- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"274. Орман қорын сипаттайтын барлық кестелер үшін қадағалау деректері "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген орман қорының мемлекеттік есебінің нысандары болып табылады.";
395-тармақ алып тасталсын.
4. Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10676 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 195) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 195) тармақшасына сәйкес әзірленген және орман пайдалану билетін және орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру тәртібін айқындайды.";
екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Құжаттар пакеті толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған деректердің 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 36-бабына сәйкестігін қарайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ағаш кесу билетін немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес орман билетін толтырады, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.";
бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
""Тасымалдау қашықтығы" деген 11-жолда кеспеағаштан жалпы жұрт пайдаланатын жолға дейінгі қашықтық көрсетіледі, ол кеспеағаш орталығынан жолға дейінгі ең қысқа қашықтық бойынша картографиялық материалдармен анықталады және "Қазақстан Республикасының Салық кодексі" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 630-бабына сәйкес жергілікті рельефке байланысты түзетіледі.";
20-тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"4) "Теңгемен ставка бойынша құны" деген бағандарда - орман пайдалану үшін ақы мөлшерін мемлекеттік орман иеленуші түбірімен босатылатын сүрек көлемін және ол үшін белгіленген ақы ставкаларын, шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы ағаш ресурстарын дайындау көлемдері, Салық кодексінің 630-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 13 қыркүйектегі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қазанда № 17560 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларына сәйкес олардың бағасы басшылыққа алына отырып есептелген кеспеағаштың материалдық-ақшалай бағасының негізінде анықтайды;";
34-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"34. Орман билеті мынадай үлгіде толтырылады:
"Негізінде" деген 6-жолда мемлекеттік орман қоры учаскілеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендердің нәтижелері туралы хаттама бойынша шешім, мемлекеттік орман иеленушінің шешімі, аумақтық органның немесе ведомствоның орманды пайдалануға беру туралы шешімі келтіріледі.
"Рұқсат етілсін" деген 7-жолда орман пайдаланушының атауы - жеке тұлғаның тегі, аты-жөні, оның жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлға үшін мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және одан кейін "к" деген жолда орман пайдаланудың мынадай түрлері көрсетіледі:
1) орманды жанама пайдалану (нақты пайдаланылуы анықтала отырып);
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;
3) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;
4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалын және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану;
5) аң аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесін, сондай-ақ жабайы жануарлардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдалану (нақты пайдаланылуы анықтала отырып).
"Алқапта" және "мөлшерде" деген көрсеткіштердің 8-жолында - алқабы гектармен және орман пайдалану бойынша деректер: көлемдері текше метрмен, данамен, тоннамен, килограммен көрсетіледі. Орман пайдаланудың алқабы мен көлемін анықтау кезінде ғылыми негізделген нормалар және жергілікті өкілдік органдар бекітетін нормативтер ескеріледі.
"Такса бойынша құны" деген 9-жолда орман пайдалану үшін белгіленген төлем сомасы (теңге) қойылады, ол:
1) орманды жанама пайдалану және мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдалану үшін – облыстардың жергілікті атқарушы органдары жасаған, аумақтық органдармен келісілген есеп-қисаптар негізінде жергілікті өкілдік органдар белгілеген ставкалар бойынша;
2) аң аулау және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесін шаруашылық мақсаттарда пайдалану үшін Салық кодексінің 629-бабына сәйкес анықталады.
Көрсетілген пайдаланулар үшін төлемдерді бюджетке енгізу рұқсат беретін құжат алынғанға дейін жүргізіледі, онда төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып жүргізілген төлем туралы белгі қойылады.
"Ерекше жағдайлар" деген 10-жолда орман пайдаланудың әрбір түрін жүзеге асыру кезінде сақталуы тиіс оған тән негізгі ерекшеліктер мен жағдайлар көрсетіледі.
Қысқа мерзімді орман пайдалануда уақытша құрылыстарды көрсету керек – күзет үйшіктерін, құрал-жабдықтар сақтайтын қоймалар мен қашарларды, уақытша қара жолдарды. Аталған құрылыстардың шекті мөлшері, түрі және сипаты, оларды құлату (алып кету) тәртібі, сондай-ақ тартылатын жолдардың бағыты, ұзындығы және мөлшері осы жолда айқындалады.".
5. "Мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10359 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 197) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ережесінің 15-тармағының 197) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану тәртібін белгілейді.".
6. "Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/54 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10408 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 199) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ереженің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 199) тармақшасына сәйкес әзірленген.";
Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ереженің 22-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Орман өрт станциясы өртке қарсы техникамен, жабдықтармен, байланыс құралдарымен, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды қорғау, пайдалану, орманды қайта өндіру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерге сәйкес жабдықталады. Бұл нормалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 193) тармақшасына сәйкес белгіленеді.".
7. Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10438 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 489) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
8. "Дериваттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10482 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
""Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағы 68) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 222) тармақшасына және сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
9. Мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 18-1/429 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11326 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 208) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман күзеті туралы ереженің:
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік орман күзеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 208) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ормандарды қорғау, молайту және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы заңнамасы, сондай-ақ орманға зиян келтіретін өзге де іс-әрекеттерді жасау бөлігінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдайды.";
3-тармағының 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан ұйымдардың барлық қызметкерлері, сондай-ақ орманда жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Орман кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 63-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын және Кодекстің 67-бабына сәйкес бекітілген ормандардағы санитариялық қағидаларды сақтауын қамтамасыз ету.".
10. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17560 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 192) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларында:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқаулары (бұдан әрі – Әдістемелік нұсқаулар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 192) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеуді айқындауға арналған.";
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы мөлшерлемелерін қоспағанда, орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері "Қазақстан Республикасының Салық кодексі" 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексі 630-бабының 1-тармағына сәйкес жасалатын облыстың (мемлекеттік маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының есептемесінің негізінде айқындалады.";
35-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындағаны үшін төлемақы мөлшерлемелері олардың түріне байланысты осы Әдістемелік нұсқауларға 9-қосымшадағы 1-кестеде көрсетілген пайыздар бойынша Салық кодексінің 630-бабының 2-тармағына сәйкес түбірімен босатылатын сүрек үшін, тиісті тұқымның отындық сүрегінің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы мөлшерлемелері бойынша айқындалады.";
36-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Осы Әдістемелік нұсқаулардың 34-тармағына сәйкес белгіленген екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындағаны үшін төлемақы мөлшерлемелеріне Салық кодексінің 630-бабының 3-тармағында белгіленген арттыратын және төмендететін коэффициенттер қолданылады.".
11. "Биоалуантүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26893 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 267) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
12. "Өзінің қарамағындағы заңды тұлға мәртебесiндегi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 2 қазандағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35202 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің15-тармағы 496) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".