БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10494 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:
"Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 242) тармақшасына сәйкес,- БҰЙЫРАМЫН:";
Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі бекітілсін.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығымен бекітілген |
Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі
№ | Жануарлардың түрлері |
1 | 2 |
Сүт қоректілер | |
1 | Жанат тәрізді ит |
2 | Қарсақ |
3 | Түлкі |
4 | Қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқасы) |
5 | Жанат |
6 | Бұлғын |
7 | Құну |
8 | Сарғыш күзен |
9 | Ақ қалақ |
10 | Ақкіс |
11 | Сары күзен |
12 | Сасық күзен |
13 | Америка су күзені |
14 | Борсық |
15 | Кәмшат (ортаазиялықтан басқасы) |
16 | Сілеусін (түркістандықтан басқасы) |
17 | Қабан |
18 | Құдыр |
19 | Өзен құндызы |
20 | Сібір елігі |
21 | Марал |
22 | Аскания бұғысы |
23 | Бұлан |
24 | Киік |
25 | Сібір тау ешкісі |
26 | Кәдімгі тиін |
27 | Зорман |
28 | Байбақ немесе дала суыры |
29 | Сұр суыр немесе алтай-тянь-шань суыры |
30 | Ұзын құйрықты немесе қызыл суыр |
31 | Ондатра немесе су тышқан |
32 | Құм қоян |
33 | Ор қоян |
34 | Ақ қоян |
35 | Қасқыр |
Құстар: | |
1 | Қызыл жемсаулы гагара |
2 | Қара жемсаулы гагара |
3 | Сұр қаз |
4 | Ақмаңдайлы қаз |
5 | Қырманқаз |
6 | Отүйрек |
7 | Сарыалақаз |
8 | Барылдауық |
9 | Ысылдақ шүрегей |
10 | Қырылдақ шүрегей |
11 | Боз үйрек |
12 | Сары айдар үйрек |
13 | Қылқұйрық |
14 | Даурықпа шүрегей |
15 | Жалпақ тұмсық |
16 | Қарашақаз |
17 | Қызғыш |
18 | Көк сүңгуір |
19 | Қызылбас сүңгуір |
20 | Айдарлы сүңгуір |
21 | Айдарсыз сүңгуір |
22 | Ұшқыр үйрек |
23 | Сусылдақ |
24 | Айдарлы үйрек |
25 | Қара тұрпан |
26 | Кіші бейнарық |
27 | Секпілтес бейнарық |
28 | Бейнарық |
29 | Аққұр |
30 | Тундра аққұры |
31 | Құр |
32 | Саңырау құр |
33 | Сұр құр |
34 | Гималай ұлары |
35 | Кекілік |
36 | Дала шілі |
37 | Шіл |
38 | Сақалды шіл |
39 | Бөдене |
40 | Қырғауыл |
41 | Қасқалдақ |
42 | Дыркептер |
43 | Түзкептер |
44 | Көк кептер |
45 | Құз кептер |
46 | Кәдімгі түркептер |
47 | Үлкен түркептер |
48 | Күжіркей |
49 | Шаушалшық |
50 | Тауқұдірет |
51 | Орман маңқысы |
52 | Ауылдақ тауқұдіреті |
53 | Тау маңқысы |
54 | Маңқы |
55 | Жылқышы |
56 | Үлкен шалшықшы |
57 | Қасқа шалшықшы |
58 | Үлкен шырғалақ |
59 | Кіші шырғалақ |