"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 шілдедегі "Қостанай ауданы Заречное ауылының егжей - тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарын түзету туралы" № 456 қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі | О. Нургалиев |