2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифін бекіту туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 қарашадағы № 182 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 142-бабы 2-тармағына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тариф осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірме Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданады.

      Аудан әкімі К. Оспанов

  Әкімдігінің
  2025 жылғы 13 қарашадағы
  № 182 қаулысына
  қосымша

2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифі

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы

Қызмет түрі

Айына 1 қызмет алушыға арналған Тариф (теңгемен)

Күніне 1 қызмет алушыға арналған Тариф (теңгемен)

1

Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

үйде

64246,23

2920,3


Об утверждении тарифа на оказание специальных социальных услуг на 2025 год

Постановление акимата Карасуского района Костанайской области от 13 ноября 2025 года № 182

      В соответствии с пунктом 2 статьи 142 Социального кодекса Республики Казахстан, приказом Заместителя Премьер-Министра-Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 281 "Об утверждении правил и методики формирования тарифов на специальные социальные услуги" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32987) акимат Карасуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить тариф на оказание специальных социальных услуг на 2025 год согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Карасуского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Карасуского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Карасуского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяет свое действие на отношения, возникшие с 1 ноября 2025 года.

      Аким района К. Оспанов

  Приложение
  к постановлению акимата
  от 13 ноября 2025 года
  № 182

Тариф на оказание специальных социальных услуг на 2025 год

Наименование организации, оказывающей специальные социальные услуги

Вид обслуживания

Тариф на 1 получателя услуг в месяц (в тенге)

Тариф на 1 получателя услуг в день (в тенге)

1

Коммунальное государственное учреждение "Центр оказания специальных социальных услуг" отдела занятости и социальных программ Карасуского района

На дому

64246,23

2920,3