"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылсын:
1) "Қамысты ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың 2023 жылғы 16 мамырдағы № 71 әдістемесін бекіту туралы".
2) "Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 108 "Қамысты ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 16 мамырдағы № 71 қаулысына өзгеріс енгізу туралы.
2. "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауын;
2) осы қаулыны Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Жаулыбаев |