Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережені бекіту туралы" Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 23 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже:
"15-тармақ келесі мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
23) халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт нысандарын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану шараларын қабылдайды.";
"15-тармақ келесі мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
24) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыру үшін мемлекеттік спорттық тапсырысты бюджет қаражатының көлемі шегінде бекітеді.";
"15-тармақ келесі мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
25) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты, қызмет көрсетушілердің меншік формаларына, ведомстволық бағыныстылығына, түрлеріне қарамастан, орналастыруды қамтамасыз етеді.";
"15-тармақ келесі мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:
26) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, сапасын бақылаудың және мақсатты игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді.".
2. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар ету;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз ету.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Денисов ауданының әкімі | Р. Қатпаев |