Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Нурлэнд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес газ құбырын салу үшін Қостанай облысы Денисов ауданының босалқы жер қоры жерінен жалпы ауданы 3,3494 гектар жер учаскелеріне 2 (екі) жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
2. "Нурлэнд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін құрылыс аяқталғаннан кейін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру ұсынылсын.
3. "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Қатпаев |
Денисов ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы 21 шілдедегі | |
№ 167 қаулысына | |
қосымша |
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ | жер учаскесiнiң орналасқан жерi | қауымдық сервитут белгілеудің алаңы, гектар | жер санаты |
1 | Тельман ауылдық округі | 3,2717 | босалқы жер қоры |
2 | Перелески ауылы (елді мекеннің шегінен тыс) | 0,0777 | босалқы жер қоры |
барлығы | 3,3494 |