Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Үшқарасу ауылының шекарасына Әулиекөл ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 150,0 гектар жерді қосу арқылы, Диев ауылдық округінің Үшқарасу ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 2541,0 гектар шекарасында қоса берілген жерлердің экспликациясына сәйкес белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әулиекөл ауданының әкімі | Ж. Таукенов |
| Әулиекөл аудандық мәслихаттың төрағасы | Д. Қойшыбаев |
| Әулиекөл ауданының | |
| әкімдігінің және мәслихатының | |
| 2025 жылғы 12 қарашадағы | |
| № 188/366 бірлескен | |
| қаулысы және шешіміне | |
| қосымша |
Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Үшқарасу ауылының жер экспликациясы
Жер бөлу шекарасында ғана беріледі | Оның ішінде, га | ||||||||||||
Жайылымдар | Үй маңындағы жерлер | Барлық ауылшаруашылық алқаптары | Ағаш-бұталы екпелер | Су астында | Батпақ | Жолдар астында | Құрылыстар астында | Бүлінген жерлер | Басқа жерлер | ||||
Барлығы | Оның ішінде түбегейлі жақсартылған | ||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | ||
2003 жылғы жер шаруашылық құрылымының деректері бойынша | 2391 | 2098 | 15 | 2113 | - | 46 | 11 | 19 | 121 | 4 | 77 | ||
Мемлекеттік жер қоры жерінен Диев ауылдық округі Үшқарасу ауылына қосылған жерлері | 150 | 123 | 123 | 3 | 6 | 16 | 2 | ||||||
2541 | 2221 | 15 | 2236 | - | 49 | 11 | 25 | 137 | 4 | 79 | |||