"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес бірінші қауіптілік сыныбымен айқындалған Әулиекөл ауданының аумағындағы сібір жарасы көмілген жерлерге санитарлық қорғау аймақтарының радиустары 1000 метрде белгіленсін.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл ауданының әкімі | Ж. Таукенов |
Әулиекөл ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы 10 қыркүйектегі | |
№ 135 қаулысына | |
қосымша |
Сібір жарасы жерленген жерлердің орналасқан жері
№ | Орналасқан жері | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Ауданы (га) |
1 | Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы (орталық бөлігі) | 12-188-003-2284 | 0,0100 |
2 | Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы (батыс бөлігі) | 12-188-005-1075 | 0,0100 |
3 | Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Аманқарағай ауылдық округі, Аманқарағай ауылы | 12-188-010-1390 | 0,0100 |
4 | Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Сұлукөл ауылдық округі | 12-188-042-082 | 0,0425 |
5 | Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Москалев ауылдық округі | 12-188-026-038 | 0,0100 |
6 | Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Тимофеев ауылы (елді мекеннің шегінен тыс) | 12-188-028-069 | 0,0100 |
7 | Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Диев ауылдық округі | 12-188-039-147 | 0,0100 |
8 | Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Қосағал ауылы | 12-188-035-478 | 0,0100 |
9 | Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Чернигов ауылдық округі, Чернигов ауылы | 12-188-031-615 | 0,0100 |
10 | Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Құсмұрын кенті (орталық бөлігі) | 12-188-013-651 | 0,0100 |
11 | Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Қазанбасы ауылдық округі, Октябрь ауылы | 12-188-019-1386 | 0,0100 |