"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 147 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесінде 17-тармақ мынадай мазмұндағы 13, 14, 15, 16-тармақшалармен толықтырылсын:
"13) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді"
"14) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты мемлекеттік шығармашылық тапсырыс қызметтерін жеткізушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, түрлері мен түрлеріне қарамастан орналастыруды қамтамасыз етеді"
"15) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, сапаны бақылаудың және нысаналы игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді"
"16) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына белгіленген нысандағы ақпаратты, сондай-ақ статистикалық есептерді ұсынады".
2. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі № 121 "Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 42 "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Алтынсарин ауданының әкімі | А. Сартов |