"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібін бекіту туралы" Арқалық қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 531 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Арқалық қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ә. Асанов |